Тас жолда орын алған жол апатынан 3 адам мерт болды. Оның ішінде 8 жасар бүлдіршін де Астана - Қарағанды трассасы бойында тіл тартпай кеткен. Апаттық жағдайға себепкер болған 35 жастағы жүк көлігінің тізгіншісі уақытша темір торға тоғытылған. "Оңтүстік айналма жолында" бағыт ұстаған жүргізуші, қауіп-қатерді ескермей басқа қатарға ауысып Iveco Magirus маркілі көлікпен қақтығысқан. ИВЕКО соққыдан кейін қарама-қарсы бетке шығып, Ford Explorer джип көлігін қағады. Жол апатынан зардап шеккен өзге 3 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
«Қазіргі таңда 35 жасар жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды»,- деді ІІД ресми өкілі, София ҚЫЛЫШБЕКОВА.
Астана