|
17.08.2018 | 14:44
3692

Павлодарда 5 қабатты үйдің қабырғасында алып сурет салынып жатыр

Павлодарда 5 қабатты үйдің қабырғасында алып сурет салынып жатыр

Павлодарда Конституция күніне орай Тәуелсіздік даңғылы, 2 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің жоғарғы төрт қабатында алып сурет салынып жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Суреттің орналасу жері жай таңдалған жоқ. Біз бұл жобаны іске асыруды ұзақ уақыттан бері ойластырып келдік», – дейді «Студенттік құрылыс және жастар жасағы Павлодар штабы» қоғамдық қорынының директоры Нұргүл Айғожина.

Оның айтуынша, үй қаланың екі орталық көшесінде орналасқан. Сондықтан суретті барлығы көре алады. Сурет көшенің атауына қарай ұлттық үлгіде таңдалған.

«Бұл жерде бүркітшінің бейнесі болады, себебі бүркіт Тәуелсіздік пен еркіндіктің белгісі. Сурет салу жұмысы кеше кешке басталды», – дейді Нұргүл Айғожина.

Жұмысты Антон Толчин өзінің «My Style»  командасымен бірге және аэрографиялық жасақ сарбаздарымен бірлесе істеп жатыр. Сурет аэрографиялық бояулармен салынуда. Олар құбылмалы ауа райына төзімді болып келеді. Павлодарлықтар суретті толығымен ертең көре алады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир