Қазақстандықтар биыл Күннің соңғы тұтылуын 11 тамызда тамашалай алады

Қазақстандықтар биыл Күннің соңғы тұтылуын 11 тамызда тамашалай алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күннің тұтылуы 11 тамыз күні 15.31-де басталып, бір сағаттан астам уақытқа созылады. Ең жоғары фазасы 16.14-те болады.

Қазақстанның бірнеше облысының тұрғындары 11 тамызда биылғы жылғы күннің соңғы рет тұтылуын тамашалай алады, бұл 2018 жылы күннің бесінші рет тұтылуы, деп хабарлаған М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник Sputnik агенттігіне.

Оның айтуынша, күн жартылай тұтылмақ (Ай Күннің жартысын ғана көлегейлейді).

«Күннің тұтылуы Қазақстанның азғантай бөлігіне ғана көрінеді. Дәлірек айтсақ, солтүстік-шығыс облыстарында: Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында. Петропавл мен Павлодарда күннің тұтылуы анық көрінеді, ал Көкшетауда әрең байқалады, ал Астана мен елордадан оңтүстікке және батысқа қарай мүлдем көрінбейді. Тіпті біздің облыстың оңтүстік-батысында тұратын тұрғындар Күн тұтылуын тамашалай алмайды, ал қостанайлықтарға тіпті көрінбейді де. Құбылыс туралы географиялық мәлімет осы», – дейді астроном.

Айтпақшы, Күн тұтылуы елімізде 2015 жылдың 15 наурызынан бері болмаған.

Күннің тұтылуы қалай өтеді?

«11 тамызда жердің ешбір түпкірінде Күннің толық тұтылуы болмайды. Бүкіл жерде жартылай ғана тұтылады. Ең ауқымды фазалар Арктикада, Солтүстік Жер архипелагының аралдарында байқалады. Еуразияның солтүстік-шығысында да көрінеді. Бізде күннің максималды тұтылуы 0.23-ке жетеді. Күн аспанда жоғары орналасып, қалада да, орманда да жақсы көрінеді.

Күннің тұтылуы 15.31-де басталады. Ең жоғары фазасы 16.14-те болады. Ал құбылыс 16.54-те аяқталмақ. Бір сағаттан астам уақыт кетеді», – деп мәлімет берді Андрей Солодовник.

Петропавл тұрғындары үшін СҚМУ обсерваториясы маңында күн тұтылуын тамашалайтын орын ұйымдастырылмақ.

Аспаннан жұлдыз жауған түн!

Күн тұтылғаннан соң бір тәуліктен кейін тамыз айындағы аспаннан жұлдыз жауған мезгілдің ең қызған шағы келеді.

«Айдың тұтылуы кезінде де Персеида метеорлары жарқырап аға бастады. Тамыз айында ең белсенді шағы басталады. Жұлдыз ағуының ең қызған кезі тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні болмақ, яғни түнгі сағат 2-де. Белсенділігі Күн шыққанға дейін созылады. Метеорлардың саны 100-ден асады деген болжам бар», – деді Солодовник.

Ең бастысы, метеорлардың зулаған құбылысын барша жұрт тамашалай алады. Өйткені жаңа Ай енді ғана туғандықтан, оның жарығы жұлдыздарды бақылауға кедергі келтірмейді.

Ғалымның айтуынша, Күннің тұтылуын тамашалаған кезде, тығыз оптикалық фильтр керек, яғни кәдімгі күннен қорғайтын көзілдіріктер жарамайды. Ал метеорларды бақылауға қала шамдарынан алыстау жер таңдаған абзал.


Новости партнеров