Ғаламтор арқылы кәсібін дөңгелететін азаматтар салықтан босатылды

Ғаламтор арқылы кәсібін дөңгелететін азаматтар салықтан босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді ғаламтор арқылы кәсібін дөңгелететін азаматтар салық төлемейді. Желідегі жеке кәсіпкерлер 5 жылға дейін тапқан табысынан қазынаға түсім аударудан босатылмақ. Бұл жаңадан қабылданған салық кодексіндегі бизнеске деген кедергісіз жағдай жасаудың жолы. Бұдан бөлек, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардан есеп алу режимі азайып, салық мөлшері қысқартылады. Енді ғана енген салық кодексі туралы жан-жақты ақпар алу үшін Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Заңғар Шындалиды студиямызға шақырған едік.

Заңғар Асқарұлы, қош келдіңіз!

Биылдан бастап ғаламторда сауда жүргізетін кәсіпкерлер салықтан босатылады екен. Бұл бұрын қалай болды? Желідегі бизнесмендер бұған дейін қанша пайыз салық төлеп келді? Жалпы қазір интернет арқылы табыс табатын  кәсіпкерлер көп. Олардың табысы қалай бақыланады? Оларға не себепті 5 жылға дейін жеңілдік беріліп отыр?

- Бұрын кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тапқан табысының 2-3 пайызын салыққа төлейтін. Оны бақылау өте қиынға соғатын. Қазір 5 жылға салықтан босатылды. Бірақ қойылатын талаптар бар. Тауарды сатқанда ақша қолма-қол емес, аударым арқылы жүзеге асу керек. Сонымен қатар, сатып алушылар мен кәсіпкер арасындағы келісім электронды түрде жүзеге асырылуы қажет.

Кейбір кәсіпкерлер 2-3 жыл жұмыс істеп, қомақты қаржы тапқан соң  5 жылға жетпей жабылып қалуы мүкін ғой. Бұл жағдай қалай бақыланады? Салықтан тағы кімдер босатылады?

- Ақша айналымы аударма арақылы жүзеге асатын болса, қанша ақша айналымы болғанын көруге болады. Дегенмен, кәсіпкер кәсібін дөңгелете аламай 3 жылда жабылып қалсада салық төлемейді. Бірақ, біздің вазада мәлімет болады.  

Кодексте шағын және орта бизнеске мейлінше көп көңіл бөлінуде. Кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер болады?

- Қазіргі таңда патент арқылы жұмыс істейтіндерге салық мөлшері 1-2 пайызға азайды. Бірақ сауда саттық жасайтындар 2 пайызды төлеп жүр.  

Сосын жуырда көлік салығын жыл соңына дейін төлемегендерге айыппұл екі есе көбейеді деген еді? Бұл ақпарат қаншалықты рас?

- Бұл жалған ақпар. Біз ешкімге айппұл салған жоқпыз. Бірақ өсім өсіп жатыр. Қазіргі жыл басын алатын болсақ 20 мыңнан астам көлік жүргізушісі өзінің салығын жапқан болатын. Бұл 2 млрд теңге көлемінде.

Арнамызға арнайы келіп, салық туралы тұщымды мәлімет бергеніңізге рахмет! 

Новости партнеров