Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Елбасы кездесуде Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жасау, аэроғарыш қызметін дамыту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету екеніне назар аударды. Министр, қорғаныс кешені мен өнімді экспорттау кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөнінде жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқанын айта келе, қазіргі таңда мемлекеттік қорғаныс тапсырысы әзірленіп, іске асырыла бастағанын жеткізді. Әрі, ведомстводағы жұмыстардың нәтижелері мен осы саладағы орта мерзімді перспективадағы жоспарлар жөнінде мәлімдеді. Кездесу қорытындысы бойынша Президент қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен аэроғарыш қызметін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма жүктеді.
«Министрлік сіздің үшінші жаңғыру бойынша жолдауыңызды іске асырып жатыр. Аз уақыттың ішщінде қорғаныс-өнеркәсібі және аэроғарыш саласын дамтыуда бірқатар нәтижелерге жеттік. Қорғаныс өнеркәсібі кешндерін орындарын технологиялық жаңғырту және өнімі экспотттау бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр»,- деді Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Бейбіт АТАМҚҰЛОВ.