Ақордада мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтарды табыстау рәсімі өтті

Ақордада мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтарды табыстау рәсімі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Тәуелсіздік» күнін ұлықтау шаралары Ақордадан басталды. Елбасы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып, ерекшеленген азаматтарға сый- сияпат көрсетті. Президент қолынан табыс етілген марапат біраз шендіні разы қылды. Олардың қатарында министр, өңір әкімдері, өнер иелерімен қатар спортшылар да  бар. Дегенмен қалың қауым арасында Ахметжан Есімов, Даниал Ахметов, Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбектері ерекше еленді.

Жыл сайын «Тәуелсіздік» күні қарсаңында өтетін дәстүрлі марапаттау шарасы биыл да ерекше өтті. Ел Президенті экономика мен әлеуметтік дамуға, өнер мен спортта ерекше табысқа жеткен азаматтарды назардан тыс қалдырмады. Оқ бойы озық шыққандарды Ақордаға шақырып, ерекше илтипатын көрсетті.

«Егеменді еліміздің ең ұлық басты мерекесі Тәуелсіздік күніменнен шын жүрегіммен құттықтаймын. Сіздер арқылы бүкіл қазақстандықтарды құттықтаймын. Ұлық мерекеміз қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша ерен еңбегімен ерекшеленген ел азаматтарын марапаттау игі дәстүр екенін бәріміз білеміз.Оның үстіне биыл Елордамыздың Алматыдан Ақмолаға көшуіне 20 жыл толып отыр. Жаңа мыңжылдық қарсаңында сайын далада бой түзеген әсем Астана тәуелсіздіктің тұмарына айналды», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Елбасы алдымен шенділерді марапаттады. Көш басын «Астана ЭКСПО- 2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Смағұл бастады.  Халықаралық деңгейдегі көрменің ойдағыдай өтуі мен ұйымдастыруына қосқан елеулі үлесі үшін  ол жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері » атағына ие болды.

«Маған үлкен тарихи күн. Маған көрсеткен үлкен құрметініңіз үшін Сізге шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Тәуелсіздіктің бірінші жылдарынан бастап, Сіз маған үлкен сенім артып келе жатырсыз. Сондықтан өткен 26 жылдың әр жылы жақсы есімде. Биыл үш ай бойы өткен өткен халықаралық көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен миллиондаған отандастарымыз келіп, дүниедегі бар озық тәжірибені көріп, тамашалады. Оған 137 мемтекеттен халықаралық ұйымдар қатысып, 187 мемлекеттен туристер келіп көрді», - деді «Астана Экспо-2017»ҰК басқарма төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ.

Аталмыш даңқ тағы екі адамға бұйырды. Оның ішінде еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровта бар.

Биылғы марапаттау рәсімінің ерекшелігі де сол, төсбелгі тіпті облыс әкімдеріне де табыс етілді. Қарапайым емес, «Отан» ордені. Бұл да Еңбек ерімен парапар сый сияпат. Оған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов лайықты деп танылған. Ал «Парасат» төсбелгісі еліміздің рухани және интеллектуалдық дамуына үлесін қосқан азаматтарға тарту етілді. Оның қатарында, жақында ғана сайланған Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Әділет министрі Марат Бекетаев, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бар. Ал «Құрмет ордені» Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке, спортшы Қанат Ислам мен актриса Әсел Сәдуақасоваға табыс етілді.

Тізімнен өнер иелері де қалыс қалған жоқ. Қоғамда белсенділік танытып, мәдениет пен өнердің дамуына үлес қосқандар қатарында қазақтың Қыз Жібегі актриса Меруерт Өтекешова да бар. Оған Елбасы «Парасат» төс белгісін табыс етті. «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағын Астана балет театрының бас балетмейстрі Мукарам Абубахриева, «Еуразиялық Ұлттық университетінің» профессоры Жандарбек Мәлібекұлы иеленді. Құзырлы орган қызметкерлерінің де еңбегі еленіп біразына «Айбын», «Ерлігі үшін», «Еңбек даңқы» сынды ордені берілді.

Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, Алматы телеарнасы Астанадан


Новости партнеров