Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының министрімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының министрімен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының министрімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Корольдіктің Парсы-араб шығанағы істері жөніндегі мемлекеттік министрі Самер Әл-Сабханмен кездесуі барысында тараптар күн тәртібіндегі маңызды жайттарды, соның ішінде өңірлік қауіпсіздік, конфессияаралық қақтығыстарды шешу мәселелерін талқылады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Сирия шиеленісі бойынша өткен келіссөздерді тілге тиек етіп, мәселені тек бейбіт жолмен шешу қажеттігін айтты. Өз кезегінде Самер Әл-Сабхан Сауд Арабиясы королінің сәлемін жеткізіп, Сирия мәселесі бойынша Қазақстан тарапы ұстанған жолды қолдайтынын хабарлады. Оған қоса, Ислам әлеміне қатысты мәселелерді шешу жолында Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылығын білдіретінін айтты.  

«Қазіргі жағдайда мұсылман елдерінің басын біріктіріп, бірге болғаны дұрыс. Жақында Астанада Сириядағы қақтығыстар жөнінде кезекті келіссөз өтті. Бұл кездесуге Сирия оппозициясының барлық өкілі қатысқанын атап өткен жөн», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Новости партнеров