Алматы телеарнасының тынысы ашыла түскенін массмедиа сарапшылары да алға тартуда. Көзі қарақты көрерменге көгілдір экраннан жол тартқан әрбір жоба халықтың ықыласына бөленгендігін айтуда. Жергілікті тұрғындардың ғана емес, өзге өңірлердегі де өзекті мәселелерді көптеп көтеріп жүргені тағы бар. Бастысы бұқараның билікке айтар бұйымтайын басты назарға ала отырып, қараша халықтың әлеуметтік мәселелерін мейлінше қамтитын жаңалықтар легі тынымсыз еңбек ететіні де жасырын емес. Қаламы қарымды аға буын өкілдері өзекті өртейтін, шымбайға батқан шындықты бүкпесіз тікелей эфирде талқылайтын тың жобалардың жалғасы таба беретіндігіне бек сенімді.
«Өзіміздің жүрегімізге жақын, бүйрегімізге бұрып тұратын арна - Алматы арнасы. Қазір жаңалықтар беру әдісі жақсарды, өзіме ұнайды. Сосын ой салатын толғақты мәселелерді көтеретін хабарлар көбейіп келе жатыр. Бұл бұрын өңірлік, қалалық телеарна сияқты болса, қазір республика бойынша «отау тв» жүйесі арқылы барлық қазақстандықтар көре алатын жағдайға жетті. Сосын кино бергенде де, жарнаманы көп тықпылай берейтіні де, жұршылықтың көкейінен шығады»,-деді ҚР журналистер академиясының академигі, «айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре ЖҮСІП.
«Алматы каналын қарап отырамын. Бір нәрсені байқағаным, сапалы контентке деген талпыныс бар. Тағы бір байқағаным, бір кездері бұл арнада бір дағдарыс па болды. Соңғы 2-3 жылда осы кризистен шыққан сияқты. Өйткені беретін бағдарламаларының сапасы артты. Алматы телеарнасының тағы бір артықшылығы бар. Ол ЖОО тікелей байланыс орнатып, өздерінің мектебін құрып жатыр. Журналистка мамандығының теориясын оқу орыны берсе, Алматы арнасы практикасын үйретіп, өз мамандарын өздері даярлап жатыр. Бұл өте құптарлық іс»,-деді журналист, филология ғылымдарының кандидаты Есенгүл КӘПҚЫЗЫ.
«Мен «Алматы» телеарнасын тұрақты тамашалаймын. Біз секілді яғни, алматылықтар үшін Алматы арнасының таратқан әрбір мәліметі маңызды. Соңғы жылдары телеарна тынысы едәуір ашылып, бірқатар жаңа жағымды өзгерістер орын алып жатыр. Замануи әрі актуалды арнаға айналғаны рас. Соңғы үлгідегі жаңалықтар мен таңғы бағдарламаның жаңа студиясы тіпті, ұлттық арналардың өзін де жоқтың қасы деуге толықтай негіз бар»,-деді Қазақстандағы «internews» халықаралық ұйымы өкілдігінің директоры Ержан СҮЛЕЙМЕНОВ.
Әйкерім Ердаулетқызы, "Алматы" телеарнасы.