|
29.11.2017 | 16:33
8814

Алматыда халықты "қарулы жиһадқа" үндеген топ құрықталды

Алматыда халықты "қарулы жиһадқа" үндеген топ құрықталды

Алматыда халықты "қарулы жиһадқа" үндеген топ құрықталды. Ресми дерекке сүйенсек, күдіктілер қала көшелерінде жаппай бассыздық ұйымдастыруға әрекеттенген. Бұл туралы Қалалық ішкі істер департаментінің өкілі, Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Белгілі болғандай, күдіктілерге "терроризмді насихаттау және терроризм актісін жасауға жария түрде үндеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар жасырын бейнежазбада бетперде киіп, сондай-ақ елімізде тыйым салынған "Хизб-ут-тахрир" діни ұйымының белгісі мен қару-жарақты жұрт арасында насихаттамақ болған. Қазір діни тұрғыда жазылған әдебиет пен бейне жазба басылған сиди диск тәркіленді. Ол бойынша бөлек сараптама тағайындалған. Айта кетейік, жиһадқа үгіттегендердің қатарында бұрын адам өлтіргені үшін сотталған адам да бар болып шықты.

«Алматы қаласында бүлк және қоғамдық тәртіпке бағынбаушылық шараларын ұйымдастыруды жөн көрген азаматтар қазір таңда қамауда. Бұл іске қатысы бар басқа да тұлғаларға қазіргі таңда тергеу барысында міндетті түрде бұлтартпау шарасы қолданылатын болады. Қылмысты жасаған деген күдікпен бір топ азамат құрықталған болатын. Осы қылмыстық топтың белсенді мүшелері 3 мүшесіне қатысты қазіргі таңда бұлтартпау шарасы ретінде қамау тағайындалып отыр. Олар Алматы қаласына қарасты уақытша оқшаулау абақтысына қамалуда»,-деді Алматы қаласы IIД өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир