Сенат депутаттары Республикалық бюджетке өзгертулер енгізу үшін мәжіліске қайта жолдады

Сенат депутаттары Республикалық бюджетке өзгертулер енгізу үшін мәжіліске қайта жолдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенат депутаттары «2018-2020 жылға» арналған Республикалық бюджетке өзгертулер енгізу үшін мәжіліске қайта жолдады. Премьер-министр өз тарапынан айтылған ескертулер жан-жақты қарастырылып, талқыға салынатынын атап өтті. Депутаттар мен сенат комитеттері 85,6 млрд теңгені, 2018 жылы 22 млрд теңгені құрайтын біраз жобаны талқылай келе, өзгертулер енгізуді ұсыныпты. Сонымен қатар,  қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет арқылы  әлеуметтік салаға бағытталған қаржы көлемін 3 жыл аралығында 9 млрд теңгеге  арттыруды ұсынды. Бұл туралы ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов «2018-2020 жылдарға» арналған Республикалық бюджетті таныстыру барысында мәлімдеді.

«Бюджет жобасын қарау барысында туындаған депутаттардың ұсынысын қолдаса бюджеттің әлеуметтік құрамдасы күшейтіледі. Абсолюттік мәндік 3 жылдық кезеңде осы бағыт бойынша шығыстар 13 трлн 434 млрд теңгені құрайтын болады. Бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі әлеуметтік шығыстардың үлесін келесі 3 жылда 44,6 проценттен 47,6 процентке дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз»,-деді ҚР Қаржы министрі, Бақыт СҰЛТАНОВ.

3 жылдық бюджет алғы шарттарының бірі ол - мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс саласының мықтылығы - дейді Қаржы министрі. Әрі, қаржылық құжаттың басты негізі 3 жыл аралығында  бөлінген қаржының тиесілі бағытқа кетуін қадағалау.

«Қорғаныс қабілеттілігін және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету 3 жылдық бюджеттің басымдықтарының бірі. Жоспарланған  кезеңде бұл бағытқа 3,5 трлн теңге олардың ішінде 2018 жылы 1,94 млрд теңге көзделген»,-деді ҚР Қаржы министрі, Бақыт СҰЛТАНОВ.




Новости партнеров