Астанада жолақы құны қымбаттайды

Астанада жолақы құны қымбаттайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада жол жүру құны қымбаттайды. 21-нші шілдеден бастап жол ақысы үшін қолма-қол төлейтіндер 180 теңге, экспресс автобусқа мінетіндер 250 теңге төлейтін болады. Ал қала маңына қатынайтындар 1 шақырым үшін 11 теңгеден береді. Алайда, ауылдық жерлерде тұратын арнайы жеңілдігі бар азаматтарға тегін қатынау мүмкіндігі қайтарып берілді.

Айта кетейік, Елордада қоғамдық көлікте электронды картамен жолақысын төлеу ережесі өзгерді. Бұған дейін астаналықтар арнайы картамен алғашқы төлем жасағаннан кейін бір сағат ішінде тегін жүруге құқылы болған болса, енді қоғамдық көлікке бір рет қана міне алады. Бұл туралы «Астана Жеңіл рельсті көлік» компания өкілдері мәлімдеді. Ал тасымалдау қызметі толықтай цифрланғаннан кейін кондукторлар түрлі қызметтерге ауысады.

«Біз бұрында да айтқанбыз, қазір де қайталмаймыз, кәсіптік шеберлігін көрсеткен кондукторлар көліктік бақылау департаментіне жұмысқа шақырылады. Департаментте олар қоғамдық көлік саласындағы түрлі заңбұзушылықтарға қарсы қызмет етеді. Сонымен қатар, кондукторлардың бір бөлігі автопарктердің бақылау-желілік қызметіне ауысса, қалғандары жолақы төлеудің электронды жүйе жұмысы жөніндегі кеңесші қызметіне кіріседі», - деді «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Егенбердинов.

Өзгертулер толық енгізілгеннен кейін көлік карталарын сатып алу мен толтыру мақсатында арнайы сайт ашылып, терминалдар саны көбейтіледі. Айта кетейік, бір миллионнан артық халқы бар Астанада жол жүру картасын әзірге 200 мың адам сатып алған.

Новости партнеров