|
03.03.2018 | 05:39
3034

Алматыда мереке күндері ауа райы жылы болады

Алматыда мереке күндері ауа райы жылы болады

Алматыға көктем келді... Мереке күндері алматылықтарды  жайма-шуақ, жылы ауа райы күтіп тұр. 

Дүйсенбі, 5 наурыз күні жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 9 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +1 градус жылы болады. 

Сейсенбі, 6 наурызда күн жылы болады. Ауа бағамы күндіз +13, түнде 2 градусты көрсетеді. 

Сәрсенбі, 7 наурыз күні жауын жаууы мүмкін. Күндіз 6, түнде – 1 градус болады. 

Бейсенбі, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесінде күн жылы болады деп күтілуде. Күндіз +11, түнде – 1 градусты көрсетеді. 

Жұма, 9 наурызда күн бұлытты болады. Күндіз +12, түнде 3 градус болады деп болжануда.

Сенбі, 10 наурыздада аспанға аздап бұлыт шығады. Ауа температурасы күндіз +13 градус, түнде 3 градус жылы болады. 
Жексенбі, 11 наурызда  күндіз +14, түнде 3 градусты көрсетеді. Күн бұлытты болады.


Ауа райы болжамы  intellicast.com сервисінен алынған. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир