|
29.06.2018 | 10:41
3159

Алматыда 36 градус ыстық болады

Алматыда 36 градус ыстық болады

Шілде айының алғашқы күндері Алматыда аптап ыстық болады. Синоптиктердің болжамынша, термометр бағаны +36 градусқа дейін көтеріледі.

Дүйсенбі,  2 шілдеде күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +31, түнде +17 градусты көрсетеді.

Сейсенбі, 3 шілде күні термометр бағаны күндіз +29, түнде +16 градус болады. Аздап күн бұлттанады.

Сәрсенбі, 4 шілде күні жауын жауады. Күндіз ауа температурасы +28, түнде +16 градусты көрсетеді.

Бейсенбі, 5 шілдеде ауа температурасы күндіз +31, түнде +17 градус болады.

Жұма, 6 шілде күні термометр бағаны күндіз +34, түнде +19 градусқа дейін көтеріледі.

Сенбі, 7 шілдеде күн ысиды. Ауа температурасы күндіз +36, түнде +19 градусқа жоғарылайды.

Жексенбі, 8 шілдеде күн ыстық болады. Ауа температурасы күндіз +36, түнде +19 градусты көрсетеді.

Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир