|
10.01.2017 | 11:35
4494

Елімізде психиатрия және наркология қызметі қолжетімді бола түспек

Елімізде психиатрия және наркология қызметі қолжетімді бола түспек

Елімізде психиатрия және наркология қызметі қолжетімді бола түспек. Республика бойынша барлық емханаларда психиатр-нарколог бөлмелері ашылады. Мамандар бұл шара түрлі ауруларды бастапқы кезеңде анықтауға септеседі деген сенімде. Тақырыпты әріптесім Перизат Көмекбайқызы жалғастырады. 


Енді психиатр және нарколог көмегіне жүгіну үшін арнайы ауруханаларға барудың қажеті жоқ. Маманнан кеңес аламын деушілер өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларға барса жеткілікті. Еліміздің әр емделу орнында психолог-нарколог бөлмелері жұмыс істейтін болады.


«Біз осы көмекті біздің азаматтарымызға, біздің елімізге жақындатып. Мынау қазір шындығына келгенде біздің елімізде осындай бір ой да бар, пікір де бар. Жындыхана дейді, сары үй дейді. Онда барсаң ешкім сені азамат деп санамайды. Ұялады, қорқады баруға. Өйткені, учет та бар қазіргі кезде. Психиатрияға барсаң, наркологқа барсаң сені учетқа алып қойса, ешқандай жұмысқа орналаса алмайсың»,- деді Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының директоры, Сағат АЛТЫНБЕКОВ.


Жалпы, бұл өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ең алдымен, осы жылдан бастап, кадр дайындау мәселесі өзгертілмек. Себебі, осы жылдан бастап, елімізде психиатрия және наркология қызметі біріктіріліп жатыр. Сәйкесінше, оқу бағдарламасына да түзетулер енгізілмек.


«Қазір министрлік біліп отыр. Көңіл бөліп отыр. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Сондықтан, бұл керекті нәрсе. Болашақта аурулардың саны азаймайды көбейетіндей жағдай болайын деп тұр. Сондықтан, бізге психиатрлар керек»,- деді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті, Бақыт ТҮМЕНОВА.


Бүгінде еліміз бойынша психиатр 540 психиатр тапшы. Мұны мамандар жалақының аздығымен байланыстыруда. Сондықтан, еңбекақыны көбейту мәселесі көтерілуде. Оған қоса, қоғам белсенділері ақыл-есі кеміс жандарды қоғамға бейімдеу қажет дейді. Осыған орай, елімізде мүгедектер мен еріктілердің қоғамдық бірлестігі арнайы жоба әзірледі. Олар  мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды ұсынып отыр. Кембағалдар тұратын арнайы интернаттардың санын кемітіп, оларды дамытуды жоспарлау шарасына көңіл бөлуге шақыруда.


«Елімізде дамуында өзгешелігі бар жандарды әлеуметтік қызмет көрсету және жұмыспен қамтуға жағдай жасалмаған. Ақыл-ойы мешеу тұлғалардың саны 100 мың тұрғынға шаққанда 448,1-ге жетті. Сонымен қатар, 53 медициналық-әлеуметтік мекемеде - жабық интернатта 18 мыңға жуық адам оқшау өмір сүруде»,- деді "Әлеуметтік жұмысшылар, мүгедектер және еріктілер қауымдастығы" ҚБ президенті, Гүлнұр ХӘКІМЖАНОВА.


Елімізде 30-дан аса психиатриялық аурухана бар. Ресми статистикаға сәйкес, 300 мың адам, яғни Қазақстан халқының 1,8 пайызы психо-неврологиялық диспансерде есепте тұрады.


Перизат Көмекбайқызы, Рашид Шүкірәлиев, Рашидин Якупов, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир