Оралбек Керімбаев соғып кеткен жүргізушіден әлі көмек ала алмай отыр

Оралбек Керімбаев соғып кеткен жүргізушіден әлі көмек ала алмай отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осыдан екі ай бұрын жол апатына ұшыраған Оралбек Керімбаев соғып кеткен жүргізушіден әлі көмек ала алмай отыр. Жол апаты Құлагер ықшамауданында болған. 17 жастағы жігіттің аяғы сынып, ота жасалыпты. Қазіргі уақытта балдақтың көмегімен жүр. Ол үйінің кенжесі, алдында екі әпкесі бар. Жалғыз анасының тапқан қаржысы ештеңеге жетпейді.

Тұрғынның шағымын тыңдаған қала прокуроры бұл істі өзі бақылауда ұстайтынын жеткізді. Қабылдау барысында оннан астам адам мұң-мұқтажын айтты. Азаматтар негізінен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот актілерінің заңдылығы бойынша шағыммен келіпті. Ғабит Миразов заң аясында түсініктер беріп, кейбір істерге байланысты жіті тексеру жүргізіп, анық-қанығын жазбаша түрде жеткізетінін айтты.

«Әр түрлі мәселелер бірақ оның ішінде айтып кету керек. Бірақ мынау алаяқтық мәселелермен көп келеді. Бұл мына жер телімі, жер алып беремін деп ақша алып алған адамдардың алаяқтық жасаған адамдардың үстінен арыз жазған адамдар өте көп. Одан кейін барып басқа да мәселелер, мына тергеудің сапасына байланысты өте көп келеді»,- деді Қала прокуроры, Ғабит МИРАЗОВ.

 


Новости партнеров