Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарға арналған жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Жігерді жанып, рухани, шығармашылық бағытта даму- Елбасы мақаласының негізгі бағыты. Алматыға жұмыс сапарымен келген Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі жетекшісінің орынбасары Ғани Нығыметов осындай пікірде.
«Түрлі коворкинг, лофт-орталықтар құрылып жатыр. Оған түрлі шығармашыл жастар шеберлер мен тренерлердің қызметтерін тегін пайдалана алады. Маңызды, қызықты тақырыптарды талқылайды. Бұл өте керемет нәрсе. Шығармашылық көңіл-күй сезілетін жерде жаңа көзқарас, инновация пайда болады. Біздің көздегеніміз де осы. Яғни азаматтардың санасын, жастарды дамытып, өздерінің жаңа қырларын таныту қоғамдық сананы жаңартудың басты мақсаты»,-деді ҚР Президент әкімшілігінің ішкі саясат бойынша бөлім жетекшісінің орынбасары ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ