"Нұр Отан" партиясы жаңа кандидаттармен толықты

"Нұр Отан" партиясы жаңа кандидаттармен толықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің бас партиясы жаңа кандидаттармен толықты. «Нұр Отанға» белгілі қоғам және өнер қайраткерлері, білім мен бизнес өкілдері қосылып, оларға салтанатты түрде партия билеттері табысталды. Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова әрбір нұротандыққа бүгінде үлкен сенім артылып отырғандығын мәлімдеді. Партия қатарына жаңа қосылғандар өз кезегінде, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаратындықтарын жеткізді.

  «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы басқаратын партияның мүшесі болу мен үшін үлкен мәртебе. Тәуелсіздік мен үшін тарылмайтын тыныс, екіншіден, Тәуелсіздіктің төл құрдасы 25-темін. Партия қатарына қосып жатқаннан кейін ол үлкен ждауапкершілік»,- деді Актер, Артур ТӨЛЕПОВ.

Партияның бірқатар мүшелеріне ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Құрмет» грамотасы табыс етілді. Бүгінде Алматыда 80 мыңнан астам адам «Нұр Отан» партиясына мүше. 730-дан астам алғашқы партия мекемелері жұмыс істеуде. Олардың бәрінің мақсат-міндеті бір - қазақстандықтардың өмірін жарқын ету. Бастысы, азаматтарға маңызды әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектесу.




Новости партнеров