Салалық терминдерді тәржімалау мәселесі әлі де өзекті болып отыр

Салалық терминдерді тәржімалау мәселесі әлі де өзекті болып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Салалық терминдерді тәржімалау мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Елімізде студенттерге арналған оқулықтардағы салалық терминдер әр оқу орнында әр қалай аударылады. Білім саласындағы аударма мәселесі «рухани жаңғыру жағдайында жоғары білім жүйесінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері» атты конференцияда көтерілді. Жиынға қатысушылар жастар арасындағы тілдік мәдениет, жаңадан еніп жатқан сөздерді аударуға қатысты пікір алмасты.

¤«Егер барлығын халықаралық терминдер деп қалдыра берсек, біздің ұлттық тіліміздің заңдылықтарына нұқсан келмей ме? Яғни, тіліміздің өзінің заңдылығына, байлығына зияны тимей ма? деген пікірлер бар. Ал ендігі жаңадан термин ойлап тауып оның барлығын тым қарабайырландыра беретін болсақ онымен қаншалықты деңгейге барамыз деген. Мәселен, осылардың деңгейін анықтау үдеріс әлі жүріп жатыр», - деді тілдерді дамыту басқармасының басшысы Мамай АХЕТОВ.


Новости партнеров