Алматы зообағын 60 жылдан бері мекендеп келе жатқан құс

Алматы зообағын 60 жылдан бері мекендеп келе жатқан құс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәрі құзғынның Алматы хайуанаттар бағында өмір сүріп жатқанына 58 жылдан асқанмен, оның нақты жасын ешкім дөп басып айта алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ең ұзақ жасаушы құзғын хайуанаттар бағына 1960 жылы Мәскеу зообағынан әкелінген. Содан бері 60 жылдай уақыт өткен.

Зообақ мамандарының айтуынша, оның қанша жасқа келгенін ешкім айта алмайды.

«Табиғатта әдетте құстар 38 жылға дейін өмір сүреді. Ал оның мұнда тұрып жатқанына 58 жылдан асты. Дегенмен, нақты жасын ешкім білмейді. Өзін нағыз тәжірибелі ардагер секілді ұстайды. Ақылды, байсалды. Бір қызығы, осы күнге дейін оның есімі қойылмаған. Ешқандай лақап атқа назар аудармайды. Қайткен күнде де, ұзақ жасаушыларға көрсетілетін сый – қамқорлық, яғни күтім мен тамақтандыру»,–дейді зообақ директорының орынбасары Дана Шүлембаева.  

Мамандардың айтуынша, жануарлар жабайы табиғатқа қарағанда зообақта ұзақ өмір сүреді екен. Себебі, мұнда олар үшін тиісті қауіпсіздік шаралары жасалған. Олар толыққанды тамақтанады әрі ветеринар көмегімен қамтамасыз етілген.

Әр зообақта ежелден өмір сүріп келе жатқан кәрі аңдар болады. Алматылық зообағын бұрыннан мекендеп келе жатқан жануарлар саны 30-дан асады. Оның ішінде құстар, ақ аю – Алькор, Ему түйеқұсы, мүйізді құзғын, гималай аюы, тіпті бір жылдан ұзақ жасаған қоңыздар да бар. Олардың саны 10-ға жетеді.


Новости партнеров