Алматыда көлік қаққан баланың жағдайы жақсарған жоқ

Алматыда көлік қаққан баланың жағдайы жақсарған жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көлік апатына ұшыраған баланың жағдайы әлі ауыр. Бүлдіршін ес-түссіз жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 4 жасар Мұхаммед есін жиды деген ақпарат кең таралған еді. Дәрігерлер бұл ақпараттың жалған екенін айтты. Соққы өте қатты болған. Оның үстіне, баланы тұрғындар тауып алғанша, шұғыл көмек көрсетілмей жатып қалған.

«Диагноздың өзі «бас миының соғылуы» деп аталады. Басы соғылғаннан кейін ісік пайда болады. Қазір сондай ісігі бар. Әлі аппаратта қосулы. Бірақ емін қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Бас сүйегі 4-5 жерден шытынап сынып кеткен. Оған декомпрессивтік ота жасалынған. Пластмасса қойылған жоқ», – деді Алматы қаласы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед РУЗИДДИНОВ.

Оқиға 16-шы шілде күні таңертең таңғы сағат 10:30 шамасында болған. Бала Шығыс айналма жолы мен Брянск көшесінің қиылысында ағаштың түбінен табылған. Оның бас сүйегі қатты зақымданған. Баланы қағып, ізін суытқан жүргізуші әлі іздестіріліп жатыр. Мұхамедтің туысқандары оқиға куәгерлері болса хабар беруін сұрайды.  

Перизат Көмекбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров