11 қазанда әлемдік Интернет жұмысын уақытша тоқтатады

11 қазанда әлемдік Интернет жұмысын уақытша тоқтатады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

11 қазанда әлем бойынша Интернет жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл күні доменді есімдер мен IP-мекен жайларды басқарушы корпорация тарихта бірінші рет Интернет доменді есімдерінің қорғанысы үшін қызмет істейтін криптографикалық кілттерді ауыстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Осыған байланысты желі жұмысының жылдамдығы төмендеп, бірқатар сайтқа кіру мүмкін болмайды.

Қазақстан интернет-бірлестігінің президенті Шавкат Сабыровтың айтуынша, .kz домендеріне әлемдік интернет жұмысының уақытша тоқтауы ешқандай қиындық тудырмайды.

«Біздің қорғалған DNSSEC-серверін пайдаланатын тіркелушілеріміз кілттердің ауысуына дайын. Ешқандай қиындық болмайды. Егер сіз Қазақстанда отырып, шетелдік сайттарды ашсаңыз, ол интернет ресурстарының жабық болуы мүмкін», – деп түсіндіріп өтті Сабыров.

Айта кетейік, аталмыш процестің қатардағы интернет қолданушыларына ешқандай қатысы жоқ. Желідегі қарапайым халық жұмысын қамсыз істей алады. Шавкат Сабыров ғаламдық шараға провайдерлер дайындалуы керек деп атап өтті.


Новости партнеров