Атырауда жоғалып кеткен 7 жасар қыз әлі табылмай жатыр

Атырауда жоғалып кеткен 7 жасар қыз әлі табылмай жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда жоғалып кеткен 7 жасар қыз бала әлі табылмай жатыр. Осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен бірінші сыныптың оқушысын іздеуге 50-ден астам адам мен құрлық және су көліктері жұмылдырылған. «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары араласса да іздеу сәтсіз аяқталған.  Атырау қаласына жақын маңдағы «Бесікті» кентіндегі балалар лагерінен сәрсенбі күні сағат кешкі 17.15-те оқушы шығып кеткен. Әлеуметтік желілерде  Ай -Көркем Алдамжар Азаматқызын  көршісі  зорлап,  денесін Жайық өзеніне ағызып  жіберді деген ақпарат тараған еді. Бұл сұмдық жағдайға байланысты Атырау облысы ішкі істер департаментіне хабарласқан едік.

«ІІД қарасты нөмірі 2 полиция бөлімшесіне  сағат 22.00 шамасында қыздың ата-анасы хабарласты. Қыздың анасы 1990 жылғы. Қазіргі кезде 5 водалаз жұмыс істеп жатыр. Жалпы саны 17 суда жүзу құрылғысы жұмыс жасайды. Халық арасында тарап жатқан  ақпараттарды рас немесе жоқ деп айта алмаймыз.  Нақты бір мәліметі шықпайынша ештеңе айта алмаймыз», - деді  Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.


Новости партнеров