|
12.09.2018 | 18:30
1930

Ер адам 114 банк картасын қолдан жасап, алматылықтардың шотынан ақша шешіп жүрген

Ер адам 114 банк картасын қолдан жасап, алматылықтардың шотынан ақша шешіп жүрген

Алматыда банк карталарын қолдан жасап, тұрғындардың шотынан ақша жымқырған ер адам қолға түсті. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құзырлы орган таратқан ақпарат бойынша, ұсталған күдікті жүзден астам банк картасын қолдан жасаған. Мұнымен шектелмей, ол ашық дереккөздерден тұрғындарға қатысты жеке мәліметтерді алып отырған. Сол мәліметтерді картаға енгізу арқылы шоттағы ақшаны шешіп, оңай олжаға батқан. Бірақ айласына құрық бойламайтын азаматтың аса үлкен соммадағы қаражатты шешуге шамасы жетпеген. Әр картадан шамамен 10 мың теңгеден алып отырған көрінеді.

Полицейлердің дерегінше, 35 жастағы күдікті Алматы облысының тумасы. Ол арам пиғылын жүзеге асыру үшін тіпті Қытайдан алдын ала пластикалық бұйымдарды шығаратын техникалық құрылғыларды жеткізіп жүрген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен ұрлық дерегі бойыншы қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу басталды.  



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир