|
19.07.2018 | 13:55
2170

Тауда жоғалған жеті жасар бала әлі табылған жоқ

Тауда жоғалған жеті жасар бала әлі табылған жоқ

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен 7 жасар баланы жүзден астам адам әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін 60 адам бөлінген болатын. Қазір іздеу шараларына тағы 50 адам қосылды. Жалпы алғанда, баланы табу үшін 115 адам тау-тасты кезіп жүр. Олардың ішінде құтқарушылар, полиция, әскери қызметшілер, шекарашылар, жергілікті тұрғындар бар. Олар 22 шақырым радиустағы жердің бәрін тінтіп шықты. Іздеушілер балалар қашқан жерден бастап  барлық тау-тасты, құз-жарларды қарап шықты», деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Шөптің қалыңдығы, толассыз жауған жауын иісшіл иттердің жұмысына кедергі келтіруде.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде.

2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылынан оңтүстік қапталдағы «Кіші саз» жайылымына бара жатқан жолда, таулы аумақта жоғалған. 7 жастағы Ернұрмен бірге үлкенді-кішілі 5 бала жолға шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана оралмады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир