Таразда тапқыр бала тұрады. 15 жастағы Исаак Мустопуло кембағал балалардың білім алуына арналған тың бағдарлама ойлап тауыпты. Онысын министрге ұсынбаққа Астанаға аттанған. Ерекше жоба шенділер тарапынан қолдау тапты ма? Мүмкіндігі шектеулі балалар енді өзгеше әдіс бойынша білім ала ма? Елордалық тілшіміз сөз алсын.
Ел аузынан түспей келе жатқан жас дарынның талантына Стивен Хокингтің өзі қызығушылық танытқан. Кэмбридж Университетінің математигі әдетте бүгінгі таңда онымен кездесе алмайды. Бірақ, ол жайлы ақпармен қанық. Исаак Мустопулоға туыла сала сал ауруы диагнозы қойылған. Бірақ, жасөсіпірім өз дерті жайлы жиі айтқанды ұнатпайды. Тек өзін ерекше бала санайды.Бүгін бас қалада алғаш Экспоға ат басын бұрыпты.
«Мен әрине шаршаған жоқпын. Маған бұл жер қатты ұнады. Мен біздің шардың ішіне кіргім келеді16- деді Оқушы, Исаак МУСТОПУЛО.
Жеткіншектің ерекшелігі әр сөзі мен іс қимылынан байқалады. Барлық бала секілді ол да армандайды. Бірақ, оның тілегі өзгелерден ерек.
Мен Хокингпен кездесуді армандаймын. Болашақта соның ізін басып, кейін Кэмбридже орнына отырғым келеді. Қазіргі таңда, ол Исаак Ньютон басқарған жерде профессор.
Танымалдығынан әлі де болса, шаршамаған. Десе де өзін қатарластарынан артық санамайды. Өзгелер сынды сұхбат алдында қатты қобалжыды. Бірақ, оның қасында арқасүйер адам бар. Ол- анасы.
«Мен қарапайым адаммын. Қарым-қатынасты, сөйлескенді жақсы көремін. Анамнан бөлек мектептің ішінде маған менің сыныптастарым көмектеседі»,- деді Оқушы, Исаак МУСТОПУЛО.
Астанаға ол қарапайым демалыс мақсатымен келмеген. Өзі секілді мүмкіндігі шектеулі балалардың қамын ойлауда. Ыңғайлы жағдай жасайтын арнайы жоба да жасап шығыпты. Алдағы уақытта Исаактың алға қойған мақсатының арқасында Тараз қаласындағы біраз оқушыларда тьютарлар пайда болады. Яғни, жеке көмекшілер балаларға қызмет етеді.
«Біздің мектепте жағдай жоқ. Менің идеям олар үшін жаңалық. Әрі, жоба аясында мұғалімдік мамандықты бітіретін түлектердің арасынан мамандар таңдалатын болады. Алдағы уақытта олар тьютарлар қызметін атқаратын болады»,- деді Оқушы, Исаак МУСТОПУЛО.
Өкінішке орай, жасөсіпірім өз идеясын Білім Министріне жеткізе алмады. Дегенмен, аталмыш министрліктің өкілдері ат басын бұрды. Тіпті, баланың ойын жүзеге асырып, көмектесуге уәде берді.
«Исаак ұсынған жобаны біздің де бағдарламамызда қолдануға болады. Кей тұстарын біріктірсе болады. Біз соны ұсынамыз. Оған электрондық поштамызды да беріп кетеміз. Жұмысын білім министрлігі сайтына енгізсе болады»,- деді ҚР БҒМ балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы, Ержан ЕРСАИНОВ.
Исаак оғанда қанағаттанды. Дегенмен үлкендердің кейде сөзінде тұрмауы оны мұңайтты.Себебі, Стивен Хокингпен екі мәрте жүздесуге ынталанған. Атақты математикпен кездесу бақыты әлі де болса бұйырмай келеді.
Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» Арнасы, Астанадан