Шымкентте мал бағып жүрген баланы атып кеткен дөкейді полиция ұстады

Шымкентте мал бағып жүрген баланы атып кеткен дөкейді полиция ұстады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған баланың аяғына оқ атты, деп хабарлайды «Sputnik Қазақстан» Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

«Шымкентте кәмелетке толмаған баланың аяғынан жаралануы фактісі ҚР ҚК «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді», – делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынды.

Сараптама белгіленді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еск салсақ, Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді белгісіз азамат мылтықпен атып кеткен болатын. Оқыс жағдай 16-шы шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында «Достық» шағын ауданында болған, деп хабарлаған еді otyrar.kz.

Жасөспірім достарымен бірге қой бағып жүргенде қымбат көлік мінген азамат «бұл жерге мал бақпа» деп ескерту жасаған. Алайда еш нәрседен қауіптенбеген бала малын бағып жүре берген. Арада аз уақыт өткен соң қайта келген жер қожайыны балаға бірнеше рет оқ атып, жаралап кеткен.


Новости партнеров