Сирия елінің азаматтары елордада жалған құжатпен ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сирия елінің азаматтары елордада жалған құжатпен ұсталды. Олар заңсыз түрде Ұлыбританияға ұшып кетпекші болған. Шетелдіктерді Астана-Лондон рейсінде кедендік бақылау бөлімінің қызметкерлері ұстаған. Сирияның екі азаматы тексеру кезінде Болгария елінің құжаттарын көрсетіпті. Олар Тұманды Альбионға жақсы өмір аңсап бармақшы болғандарын жасырмапты. Алайда, еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді шетелдіктерге қатысты мардымды жауап берген жоқ.
«Аталған факті бойынша жауапты орындар тиісті шараларды атқарып жатыр. Толық ақпарат пайда болғанда міндетті түрде жеткізетін боламыз», - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
16.11.2026 09:20
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
16.11.2026 11:20
Президент ҰҚК-нің жаңа төрағасын таныстырып, міндеттер жүктеді
16.11.2026 12:20
Әуезов ауданында жаяу жүргіншілер аймақтары жаңартылды
16.11.2026 10:00