Білім грантына ілінбеген жас чемпиондарға қатысты тексеру жүргізіледі – вице-министр

Білім грантына ілінбеген жас чемпиондарға қатысты тексеру жүргізіледі – вице-министр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талай спорттық додаларда топ жарғанымен, Туризм және спорт академиясының грантына іліне алмаған жүздеген балаға қатысты тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша «Дене шынықтыру және спорт» факультетіне грант саны өткен жылдағыдай бөлінген. Ал талапкерлерді таңдау заңдағы жаңа өзгерістерге сай жүргізілген. Яғни, түрлі жетістігі мен медальдарына қарамастан, грант тек ұпай саны басым адамға беріледі. Осы орайда, вице-министр биылғы талапкерлердің шығармашылық емтихандарды қалай тапсырғанын қадағаламақ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше арнамыздан балалары Туризм және спорт академиясына түсе алмаған ата-аналардың жанайғайын көрсеткен едік. Олар кішкентайынан спортпен айналысып, ел намысын қорғап келген оқушылардың Білім және ғылым министрлігі өзгерткен баптың кесірінен оқуға түсе алмағандарын айтқан болатын.


Новости партнеров