|
24.11.2017 | 18:06
4282

Белгілі сәулетші Мэлс Сафин өмірден озды

Белгілі сәулетші Мэлс Сафин өмірден озды

Белгілі сәулетші Мэлс Сафин өмірден озды. Бүкіл өмірін сәулет өнеріне  арнаған арда азамат Алматыдағы бірнеше атақты субұрқақтардың эскизін салған. Мэльс Қамарұлы Мәскеудің сәулет институтында білім алған. 1966 жылы Алматы политехникалық институтын тәмамдаған. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң өмірінің соңына дейін сәулет саласында қызмет етті. Ол қаладағы бірнеше саябақ пен  ықшамаудандардың авторы. Ал ең сүйікті еңбегі - Төлебаев көшесіндегі «Жетісу» субұрқағы. Жақындары мен достары оның еңбекқор болғанын және адал қызметкер екенін айтады. Марқұм Кеңсей зиратына жерленді.

«Мэлс Қамарұлы Алматыны қатты жақсы көрді. Әуезов атындағы театрдың эскизі әзірленіп жатқан болатын. Сол жобаға Мэлс Сафин де қатысқан еді. Ал оның үлкен әріптестері «Медеу» кешені сынды жобалардың суретін салған. Мэлс Қамарұлы да сондай жұмыстардың пайда болуына куәгер болды. Біздің ол кісіден үйренетініміз көп болатын. Ол жасаған саябақтарда қазір қала тұрғындары демалып жүр. Менің ойымша, содан асқан бақыт жоқ шығар», - деді сәулетші Шухрат ЮСУПОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир