ОҚО полицейлері 30-дан астам мал ұрлау жайттарына күдікті ұрыларды ұстады

ОҚО полицейлері 30-дан астам мал ұрлау жайттарына күдікті ұрыларды ұстады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ОҚО полицейлері 30-дан астам мал ұрлау жайттарына күдікті ұрыларды ұстады. ҚР ІІМ 2018-2020 жж. арналған бағдарлама аясында бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы шаралар жүргізу мен профилактика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал ұрлау жайттарын анықтау және әшкерелеуге тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мысалға, Созақ АІІБ қызметкерлері аудан аумағында жайылым мен жергілікті тұрғындардың үй-жайларынан мал ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Осылайша наурыз айында Созақ АІІБ кезекші бөліміне жәбірленушілердің бірі 200 мың теңгеден астам сомада бағаланатын 5 қойын жеке қонысынан белгісіз біреулер ұрлап кеткендігі туралы арызданды. Аталған жайт «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Созақ АІІБ полицейлері өз ісін мойындаған екі күдіктіні ұстады. Қазіргі таңда тергеу барысында ұсталған күдіктілердің 30-дан аса үй жануарларын ұрлау жайттарына қатысы бары анықталды. Мал ұрлықшылары малдарды сатып, ақшаны өз қажетіне жұмсап отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 3 миллион астам теңгеден соманы құрады.

Қазіргі таңда бұл жайттар бойынша «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Новости партнеров