|
23.08.2018 | 11:54
2207

Павлодарда күзет фирмасының көлігі «Мерседеспен» соқтығысты

Павлодарда күзет фирмасының көлігі «Мерседеспен» соқтығысты

Павлодардағы Торайғыров пен Короленко көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 26 жастағы ер адам зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Оқыс оқиғаның суреттері Instagram-дағы @tipavlo парақшасында жарияланған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, апат таңғы сағат 5:46-да болған.

«Қаладағы күзет агенттіктерінің біріне қарасты «Лада-Гранта» маркалы автокөлігі «Мерседес» автомобилімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада-Гранта» көлігінің жолаушысы емханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шегушінің жағдайы тұрақты.

«Емханаға 1992 жылғы ер адам «жабық бас сүйек-ми зақымы», «соғылған бет жарасы» бойынша емханаға келіп түсті», – деді Басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир