|
14.02.2017 | 11:23
12259

"Көк кит" ойынына іліккен 100-ден астам жасөспірім анықталды

"Көк кит" ойынына іліккен 100-ден астам жасөспірім анықталды

Ермек қуып, дүрмекке іліккен 100-ден астам жасөспірім анықталды. Өлімге итермелеген ойындарды насихаттайтын сайттарды бүгінде ақпарат және коммуникация министрлігі бұғаттауда. Мәжілістегі Үкімет сағатында еліміздің ішкі істер министрі  Ресейде бастау алған «Көк кит» ойынының салдарына тоқталды. Жастардың өліммен ойнап, қыршынынан кетуіне не итермелейтінін айтты. Қолдарын  тілімдеп, киттің бейнесін салуға 63  бала оқталған. Оның  15-і  денелеріне түрлі жарақат салып  үлгерген. Бастапқыда  жөспірімдер тек көңіл көтеруді мақсат еткен. Кейіннен 50 күн ішінде тапсырмалары үдей түскеннен шошыған жастардың дені - ата-анасына, не достарына бар сырларын айтып қойған.  Осылайша, ойынның  қармағынан аман қалған. Қазір барлық деректер бойынша қажетті  шаралар қолданылуда.  

«Басты проблема - қолданылып жатқан ресурстардың Қазақстаннан тыс жерде болуында. Мысалы, "ВКонтакте" әлеуметтік желісі Ресейдікі, Facebook пен Instagram желілері АҚШ-та. Біз енді заңды түрде қазақстандық қолданушыларға қатысты барлық мәліметтің біздің қолымыздан болуын міндеттеуіміз керек немесе оларды қазақстандық провайдерлер арқылы жұмыс істеуге міндеттеуіміз қажет»,- деді ҚР Ішкі істер министрі, Қалмұхамбет ҚАСЫМОВ.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир