Сонымен сіз жұмыссыз қалсаңыз не істеуге болады? Біріншіден – бос орын газеттерін ақтарып бір қарап шығасыз ол жерде көбінесе жарнама, агенттіктер болады. Тауып жатсаңыз ара-арасынан түртіп-түртіп алып хабарласасыз, одан болмаса көшедегі хабарландыру тақтайшасынанда біраз бос орындарды табасыз, одан да нәтиже шықпайды. Біраз уақыт жұмыссыз жүрген қиын. Сондықтан да әр мекемеден келіп айына немесе жылына бірнеше рет бос орын жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырады. Осы жәрмеңкенің арқасында жұмысқа орналасқан оңай. Сол себепті біз сіздерге жұмыс жәрмеңкесінің видеолар тізімін жинақтап ұсынып отырмыз.
1. Алматылық имамдар халықты жұмыспен қамтудың қамын ойлап жүр
Қаладағы Орталық мешітте жұмыс жәрмеңкесі өтті. 75-тен астам түрлі саланың кәсіпорындары жұртқа 1000-нан аса бос жұмыс орнын ұсынды. Аталған игі шара қаладағы «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған.
2. Алматының Әуезов ауданында 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ
Биылғы жылы Алматының Әуезов ауданында 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ. Қызмет көрсету саласы бойынша 8 нысан пайдалануға беріледі. Ол мейрамхана кешендері мен техника жөндеу орталықтары. Мұндай ақпаратты Әуезов ауданы әкімінің орынбасары «Сауда» тақырыбында өткен инфест форумда айтты.
3. Еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасу мүмкін бе?
Мүмкіндіктер жәрмеңкесі менің ең алғашқы жұмыс орным бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл бағдарламада мамандар жұмыс өтілінсіз жұмысқа орналасуға, сонымен қатар мансаптық жолын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар, мұндағы басты талаптардың бірі жұмыс ерушіге өзіңізді жан-жақты танытсаңыз болғаны.
4. Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Алматыда кезекті рет бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл шараға мүмкіндігі шектеулі жандарда қатысты. Жұмыс берушілер осы санаттағы жұмыскерлерге бірқатар бос орын ұсынып отыр. Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс беруші мекеме 80-нен аса орын алып келіпті. Оған қоса аудандық жұмыспен қамту орталық бөлімдеріде вакансиялар ұсынды.
5. Алматыда қандай мамандар сұранысқа ие?
Алматыда дәрігерлер мен менеджерлер, қонақ үй қызметкерлеріне сұраныс көп. Дәнекерлеуші, жүргізуші сияқты кәсіп иелері де қат екен. Бұл Алматыда өткен көктемгі жұмыс жәрмеңкесінде белгілі болды. Қаладағы 100-ге жуық мекеме 800-ден аса бос орын ала келіпті.
Материалдың жалғасын мына жерден оқыңыз