|
12.09.2018 | 18:43
10468

ХҚКО жұртшылықты делдалдар көмегіне емес, онлайн қызметке жүгінуге шақырады

ХҚКО жұртшылықты делдалдар көмегіне емес, онлайн қызметке жүгінуге шақырады

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы делдалдармен күресті мықтап қолға алды. Ғимарат кіреберісінде радиоторап орнатып, экраннан бейнероликтер көрсетуде. Орталық мамандары «жәрдемшілерге» жүгініп, жемқорлыққа жол бергенше, қызмет түрлерін электронды үкімет порталынан кезексіз әрі онлайн алуға болатынын түсіндіруде.  

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында әдеттегідей адам қарасы көп. Ғимаратқа кіреберісте саңқылдаған дауыс келушілерге өз құқықтарын дүркін-дүркін еске салуда. «Делдалға жүгінбе, жемқорлыққа жол берме!» дейді.  

«Тікелей келіп, өзіміздің мамандардан қызмет алыңыздар. Сыртта жүріп сіздерге көмектесемін дейтін кісілердің алдауына ермеңіздер деген мәтінде хабарламалар беріледі. Күзетшілерге де бөгде ойдағы кісілердің халықтың арасында жүруіне мүмкіндік бермеу туралы нұсқау берілген. Қызметкерлеріміз де ондай адамдарды көріп жатса, олардың ісімен айналысатын арнайы орындарға хабарлайды», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы бойынша бөлімшесінің PR менеджері Жаңыл ӘПЕТОВА.    

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, бұл Халыққа қызмет көрсету орталығы да қызметтерін сандық форматқа ауыстырып жатыр. Мысалы, жүргізуші куәлігін алу – жиі пайдаланылатын қызмет түрі. Қазір ол онлайн түрде жүзеге асады. Сонымен қатар, автокөлікті тіркеу немесе тіркеуден шығару қызметі де электронды үкімет порталында қолжетімді.  

«Бүгін таңертең электронды үкімет порталы арқылы көлігімді тіркеуден шығарып, қайта тіркеу бойынша онлайн қызметке жүгіндім. Өте ыңғайлы, кезек күттірмей-ақ жарты сағаттың ішінде барлығы дайын болды», – деді Руслан АСАНБЕКОВ.

Орталық мамандары халықтың электронды жүйе бойынша сауаттарының артып келе жатқанын айтады. Жыл басынан бері 8888 адам онлайн түрде жүргізуші куәлігін алуға өтінім берсе, 171 азамат көлігін тіркеу немесе тіркеуден шығару қызметтерін үйден шықпай-ақ пайдаланыпты.


Азамат Әуезхан, Рашиддин Якубов, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир