Алматыда күзет басқармасының 104 қызметкері төс белгісімен марапатталды

Алматыда күзет басқармасының 104 қызметкері төс белгісімен марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі  басқармасының мамандары марапатталды. Олардың қоғамдық тәртіпті тыңғылықты қадағалағаны үшін еңбектері еленді. Оған қоса, аса маңызды  мемлекеттік-стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында қырағылық танытқандары назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, құрметті демалысқа шыққан  13 қызметкерге төс белгі тағылды.

«Мінсіз қызмет атқарған 104 қызметкер төс белгісімен ҚР 25 жыл полиция  күніне орай, 40 қызметкерге алғыс жарияланды және де ақшалай сыйлықпен марапатталды. Әрдайым біздің қызметкерлер қылмысты ашу мен әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтатуда өзінің үлестерін қосады», - деді Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары Аспандияр АХМЕТҚАЛИЕВ.

Новости партнеров