Мұратхан Тоқмәди 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мұратхан Тоқмәди 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұратхан Тоқмәди 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы шыны зауытының бұрынғы директорына осындай үкім кесуді сұрап отыр. Осыған дейін үйінде заңсыз қару-жарақ сақтап, бизнесмендерді бопсалады деген айыппен 3 жылға темір торға тоғытылған Тоқмәдидің тағы бір қылмысқа қатысы бары анықталған еді. Ол осыдан 14 жыл бұрын белгілі банкир  Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындап, тапсырысты Мұхтар Әбілязов бергенін айтқан болатын. Осы қылмысқа барғаны үшін Әбілязовтан 4 млн доллар алыпты. Сот процесі Таразда өтіп жатыр. Осыған дейінгі отырыста Тоқмәди өзін жайсыз сезініп, облыстық ауруханаға жеткізілген еді. Алайда 8 наурыз күні емдеу мекемесінен қашып, із суытпақ болды. Бірақ көп ұзамай Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны тұтқындап үлгерді. Тоқмәди осы қылығы үшін өкінетінін айтып, қашпақ болғаны - қателік екенін мойындады.


Новости партнеров