|
07.09.2018 | 22:05
2709

Алдағы демалыс күндері Алматыда ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері Алматыда ауа райы қандай болады

Алматыда демалыс күндері ауа райы қандай болмақ? Қазгидромет мамандары нендей болжам жасап отыр? «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Дәулет КИСЕБАЕВ алдағы күндердің ауа райы туралы айтып берді.

– Дәулет мырза, демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтарын қандай күн райы күтіп тұр?

– Осы демалыс күндері Алматы қаласында ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.

– Ал демалысын тауда өткізгісі келетіндерді қандай ауа райы күтіп тұр? Табиғат аясында серуен жасауға мүмкіндік бола ма?  

– Таулы аймақтарда жексенбі күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы қалаға қарағанда 10 градусқа төмен болады.

– Келер аптада Алматыда қандай ауа райы болады? Күн суыта ма?  

– Келесі апта қалада ауа райы жақсы болады. Бірақ бейсенбі күні жаңбыр жаууы мүмкін. Найзағай ойнайды. Желс соғады. Ауа температурасы түнде 11-16 градус жылы, күндіз 23-28 градус жылы болады.

– Бізбен байланысқа шығып, сауалдарымызға жауап бергеніңіз үшін, көп рахмет!    


Жадыра Омаржан, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир