Сырттан әкелінетін жаңа көліктердің кедендік баж салығы арзандайды

Сырттан әкелінетін жаңа көліктердің кедендік баж салығы арзандайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1-ші қыркүйектен бастап жаңа автокөліктерді сырттан әкелгенде алынатын кедендік баж құны 23%-дан 17%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары айтты.

Алайда, бұл өзгеріс тек Ресейге ғана қатысты болмақ. Салықшылар жаңалықтың Қазақстанға еш әсері жоғын айтады. Өйткені, елімізде темір тұлпарларды импорттау бойынша міндеттер Еуразиялық экономикалық одақтағы елдерден төмен.

Айта кетейік, кедендік баж салығы көліктің жанармай түрі, экологиялық класы, шығарылған жылына қарай есептеледі. Толығырақ ақпаратты Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтынан қарауға болады.  

«Қазақстан Республикасының қаулысы бойынша кедендік баж салығын жинау 5 сәуірден бастап төмендеген болатын. Басты бетке 19 000 теңге, ал қосымша үшін 7000 теңге тұрады. Естеріңізде болса, осыған дейін негізгі бет үшін 25 000 теңге төлеу тиіс болатын», – деді Алматы қаласы бойынша МКД Кедендік құн бөлімі тарифтік реттеу басқармасының бас маманы Дамиля ЕСАЛИЕВА.


Новости партнеров