Табысты молайтудың жолы қандай?

Табысты молайтудың жолы қандай?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Өз ісіңді қалай ашу керек? Табысты молайтудың жолы қандай? Түйіткілді осы сауалдарға "Нұр Отан" партиясының қызметкерлері жауап берді. Олар қоғамдық қабылдау өткізіп, кәсіптің көзін тапқысы келген адамдарға тегін кеңес берді. Қазірдің өзінде іскер жандар 16 млн теңге көлемінде шағын несие ала алады. Бұл - Елбасының биылғы жолдауында айтылған. Енді шағын және орта бизнестің өркендеуіне кедергі келтіріп жатқан құзырлылар жазаланатын болады. Алдағы жылдары кәсіпкерлердің елдің ішкі жалпы өнім көлеміне қосқан үлестері 50 пайызға дейін жетуі керек.

«Олар өз көздерімен көріп, осы жерде көптеген кәсіпкерлермен кездесіп, жұмыстың түрін сұрап, қазіргі заман талабына сай, заманауи инновациялық технологиялардың жетілуіне байланысты көп үлес қосады деймін. Неге десеңіздер бұлар өз көздерімен көріп, құлағымен естіп, осы жол картасын арттыруда, бүгінгі мына іс-шара Алматы қаласының Нұр Отан филиалының істеп отырған шаралары қуантарлық»,- деді Алматы қаласы Көпсалалы колледжінің оқу өндірістік шебер оқытушысы, Толымбек ЖОРТУЛЫ.

Новости партнеров