Тасқын шайған өңірлерге Алматыдан да көмек көрсетілуде. Қала жұрты таң алакеуімінен бері арнайы ашылған орталыққа келіп, киім-кешек пен азық-түлік жеткізіп жатыр. Өйткені, батпақ суға белден батқандардың қайғысы - мұқым елге ортақ. Алматылық белсенділер әлгі орталыққа ниеттес кез келген адам келіп, көмек қолын соза алады дейді. Белсенділер жиналған жүкті Ақтөбеге жеткізу үшін түнде жолға шықпақ.
«Бұл жерге азық-түлікті де, киім-кешекті де алып келуге болады. Жиналған заттар осы жерде сақталады. Кейін, су басқан аймақтарға жеткізіледі. Жәрдем қылғысы келгендер Шагабутдинов 125 мекен-жайында орналасқан үйге келіп, өзінің заттарын тастап кетсе болады. Оның барлығы тасқыннан зардап шеккендерге табысталады»,- деді Ерікті, Николай ПАК.