ARTBAT fest: қазақстандық және шетелдік суретшілердің өнер туындылары ұсынылады

ARTBAT fest: қазақстандық және шетелдік суретшілердің өнер туындылары ұсынылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қала күні кең көлемде аталып өтпек. Ару қаланың 1002 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өтеді. Оның 50-ден астамы – мәдени шаралар. Түрлі фестиваль, көрме концерттерге тек отандық қана емес, шетелдік өнер майталмандары мен суретшілер де арнайы келмек. Соның ішінде, «АRТBAT fest» фестивалі 24 тамызда басталады.

Алматыда халықаралық «ARTBAT fest» өнер фестивалі тоғызыншы рет шымылдығын түрмек. Паблик-арт жобасы халықаралық еуропалық бағдарламаға енді. Оған Франция сәулетшісі Симон Жакмин және словениялық суретші Мартин Брицель Барага жетекшілік етпек. Биылғы фестиваль тақырыбы – «Су ағыны». Көптеген инсталляция тіршілік нәрімен байланысты жасалады. Өз жұмыстарын отандық суретшілер ғана емес, Словения, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания және Жапониядан келген суретшілер де ұсынады.

«ARTBAT Fest» тек паблик-арт қана емес, оның аясында көрме, оқыту алаңдары да жұмыс істейді. Мамыр айынан бастап көркем ым мектебі қызмет етеді. Сонымен қатар, Ресей, Үндістан, Әзірбайжан, Швейцариядан келген суретшілердіӊ көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде «Заманауи алматылықтыӊ портреті» атты көркемдік зерттеу жүргізілуде. Оның нәтижесі фестивальде көрсетіледі. Сондай-ақ Беларусь пен Армения суретшілері келіп, фестивальге өз жұмыстарын ұсынады», – деді «АRTBAT fest» фестивалінің директоры Ольга Веселова.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнер иелерінің қатысуымен симпозиум өткізілмек. Дәстүрлі шара 2010 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында оған 20-дан аса мемлекеттен келген суретші және кураторлар қатысып, 300-ден астам заманауи туынды ұсынған.

Қала тұрғындарын сөзге тартып көргенімізде, көпшілігі Қала күнін асыға күтіп жүргендерін айтты. Мәселен, мына тұрғын: «Концертерін, жәрмеңкелерін көреміз. Жылдағыдай болады деп ойлаймын. Қаламыз көркейе берсін», – десе, ал келесі бір тұрғын: «Қала күнін күтіп жүрміз. Қызықты шоулар, мықты отшашулар болады деп үміттенеміз», – деді көтеріңкі көңіл күймен.

Қала күнінде 100-ден аса іс-шара өткізілмек. Оның ішінде, «Көктөбе опера», «Оркестрлер шеруі» яғни, ашық аспан астындағы оркестр музыкасының фестивалі қалың жұрттың көңілін көтермек. Бұдан өзге, Отбасы фестивалі және «Almaty garden show» бау-бақша халықаралық фестивалі ұйымдастырылады.

Перизат Көмекбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров