|
19.03.2018 | 22:31
7421

"Той любой ценой" – Наурыз мерекесінің қарсаңында жаңа туындының тұсауы кесілді

"Той любой ценой" – Наурыз мерекесінің   қарсаңында жаңа туындының тұсауы кесілді

Еліміздің кино қоржыны тағы бір отандық туындымен толықты. Желісі қызық оқиғаға құрылған көркем фильм Алматы әкімдігінің қолдауымен түсірілген. Сондай-ақ, прьемерасы шаһардағы Наурызды тойлау аясында өткізіліп отыр. Өйткені, туындыда қазақтың салт-дәстүрлері кеңінен насихатталады.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Алматыда қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін отандық комедия көрерменге жол тартады. "Той любой ценой" деп аталатын фильмнің сценарийі 6 айда жазылып, түсірілімі бар болғаны 28 күнде аяқталыпты. Көркем туынды қос қалада түсірілген. Режиссерлер комедия көптің көңілінен шығады деген үмітте. Өйткені, қазақтың қанында бар асыл қасиеттерді жұртқа келеке етпей, керісінше үлгі ретінде көрсеттік деп отыр. Сондықтан, туынды xалықтың ыстық ықыласына бөленіп, жыл сайын әз Наурыз қарсаңында қайталап көретін әйгілі комедияға айналады деген сенім бар.

 «Наурыз туралы, қыз ұзату деген салт-дәстүріміз бар. Бұл тұңғыш қыз ұзату тойына арналған комедия. Бұрын соңды бұл тақырыпта түсірілмеген. Кино орысша түсірілді. Алдағы уақытта дубляж жасаймыз деп ойлап отырмыз. Жұрттың көңілінен шығады деп ойлаймыз. Себебі, біз оны асықпай жасадық. Мұқият. Жаңағы сценарийін тек 6 рет өзгерттік»,-деді фильмнің қоюшы режиссері Қанағат МҰСТАФИН

Режиссерлер туындыға барынша елге танымал актерлер мен әншілерді тартыпты. Бірақ, соған қарамастан әрқайсысының ойнау шеберлігіне, отбасы мүшелерінің бір-біріне ұқсастығына аса мән беріліпті. Ал  түсірілім барысында актерлердің жұмыс уақытын реттестіру қиындық тудырған. Айта кетейін, фильм сценарийі былай өрбиді. Бір отбасының қызы ұзатылғалы отырады. Ал, мейрамxанаға төлейтін ақшаны ойламаған жерден үйдің  кенжесі жоғалтып алады. Кейін тойды қандай жағдайға да қарамастан жасау керек болғандықтан, телеарнадағы реалити-шоу форматында өткізу ойға келеді. Оқиғаның қалай аяқталғанын көркем туындыдан көре аласыздар.

«Әр жылы әр наурызда әр жанұя көретін фильм болады деген үміттеміз. Бұл жерде екі жанұя болғанан кейін көбірек бірінші планда порттерттік ұқсастық . Актерлердің бір-біріне ұқсастығы. Көрермен бұл жанұя туған адамдар екенін білдіру үшін»,-деді фильм режиссері Айдын САХАМАНОВ

Қалың көрерменге жол тартқан туынды 21-ші наурыздан бастап кинотеатрларда көрсетілетін болады. Жеңіл әзілге құрылған фильм 90 минутқа созылады. Фильм қалалық әкімдіктің көмегімен даярланған.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев Алматы телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир