|
19.07.2018 | 16:53
2351

Адвокат Айман Умарованы тілдеген прокуратураның 3 қызметкері жұмыстан қуылды

Адвокат Айман Умарованы тілдеген прокуратураның 3 қызметкері жұмыстан қуылды

Белгілі адвокат Айман Умарованы «Пупкина Залупкина» деп тілдегені үшін прокуратураның 3 қызметкері қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

«Алматы прокуратурасы адвокат Умарова Айманға берілген жауапқа қатысты қызметтік тексеру жүргізді. Қала прокурорының бұйрығымен үш қызметкер жұмыстан шығарылды. Оның ішінде Бостандық аудандық  прокурорының міндетін атқарушы да бар», – делінген жазбада.

Сонымен қатар, қала прокуроры Берік Жүйріктаев атынан азаматша Умароваға ресми түрде кешірім сұрау хаты жіберілді.

«Айман Умарованың хаты обьективті түрде тексерілді. Оның келтірген негіздемелері қанағаттандырылды. Қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім шықпайтын болды, тапсырмалар берілді», – деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова.

Айта кетсек, мұның алдында белгілі құқық қорғаушы Айман Умарова көп уақыттан бері қызының өліміне айыптыларды таба алмай келе жатқан әйелдің ісі бойынша прокуратураға сауал жолдаған. Бостандық аудандық прокуратурасы Электронды үкімет порталы арқылы «Құрметті, Пупкина Залупкина!» деп ресми жауап қайтарған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир