Түркістан облыс орталығы, Шымкент республикалық маңызы бар қала

Түркістан облыс орталығы, Шымкент республикалық маңызы бар қала
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақтың рухани астанасы болған киелі Түркістан шаһары енді Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болмақ. Облыстық маслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдаған. Сөйтіп, Шымкент республикалық маңызы бар қала болуы мүмкін. Себебі, Шымкент тұрғындарының саны бір млн-ға жеткен. Ал облыстың әкімшілік құрылымының өзгеруіне орай Кентау, Шымкент пен Түркістан қаласының аумағы қайта бөлінеді. Түркістанның орталық болуы біраз саланың дамуына жол ашады деді облыс әкімі.


«Енді бұл тарихи шешімді тез арада облыс мәслихатының сессиясында тез қарап шешім шығаруға ат салысамыз»,-деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ


Бұған дейін Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру ұсынысы облыстық қоғамдық кеңесте де қолдау тапқан.  Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты шаһардың статусын көтеру туралы ұсынысқа қол қойды.


Новости партнеров