"Экспо" халықаралық көрмесінде көрінбей жатқан еңбек көп

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыртынан сұлу көрінетін "Экспо" халықаралық көрмесінде көрінбей жатқан еңбек көп. Қарапайым қызметкер болғанмен, қыруар шаруаға жауапты жандардың жұмысы көп. Біздің арна тілшілері солармен тілдесіп, мәртебесі биік шарадағы кадрдан тыс жұмыстармен танысып қайтты. Назым Мәлікқызы толықтырсын.

Касса - «Болашақ энергия» әлемінің құдды бір қақпасы іспетті. Халықаралық көрмеге келетін шетелдік те, қазақстандық қонақта осы жерден өтеді.  Ал, әр келушіге билеттің әр түрін түсіндіріп, инабаттылық пен қызмет көрсету оңай шаруа емес. Динара, көрменің шымылдығы түрілгелі таңғы 8 -ден бастап кешкі сағат 10-ға дейін осында қызметте.    

«Экспо көрмесіне келетін азаматтар яғни, Қазақстан азаматтары. Олар зейнеткерлер, оқушылар, студенттер және кішкентай бүлдіршіндер көп келеді. Басқа да шетелдік азаматтар көп. Сұраныс көп»,- деді Кассир, Динара АҚЫЛБЕКОВА.

Көркі көз тартатын әйнектен жасалған нысанның әдемілігі, тек дизайнда жатқан жоқ. Бастысы оның тазалығында. Айдос, бір айдан бері Нұр Әлем кешенінің әйнегін үздіксіз тазалап келеді. Осы саланы таңдағанын мақтаныш тұтады. Себебі, өндірістік альпинист болуыға екінің бірінің жүрегі дауалай бермейді дейді.

«Қасымда тағы бір бала бар. Біз бұл жұмыспен жұмыс істеп келе жатқанымызға 4 жыл болды..Ал осы ұлттық павильонда Экспо-2017 де біз біріншң рет, бірінші ай жұмыс істеп жатырмыз. Жалақы өзімізге жетеді. Бізді құрметтеп, үстіне ақша қосып отырады. Чтобы біз әйнектң жақсы жуып жатқанымыз үшін»,- Жұмысшы, Айдос ДОСҚАДЫРОВ.

Аталмыш шараны еліміздің 3 мыңға жуық БАҚ өкілдері дәріптеуге ат салысып келеді. Талабы мен тілегі көп журналистердің өзін тіркеу  шыдамдылықты молынан қажет етеді дейді Динара Мажитова. Себебі, ел үшін маңызды шара жайлы дер кезінде ақпарат тарату, басты міндет. Өйткені, бүгінгі таңда күллі әлемнің көз тіккен көрмесі осы.

«300 журналист әлі аккредитациядан өтпеген. Барлығымыз департаментті шақырып, барлық қызметкерлер менеджерларға дейін барлығымыз отырып, жұмылдырып, сол 300 журналисті бір күнде акрредитациядан өткіздік»,- деді «Астана EXPO - 2017»АҚ ҰК қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері, Динара МАЖИТОВА.

Соңғы уақытта көрмеге келушілердің саны күрт көбейген. Тіпті, тәулігіне 70 мың адам бас сұғатын көрінеді. Ал, халықаралық көрменің басшылығы жоспардағы жұмыстар сәтті атқарылып жатыр деді. Демек, қыруар еңбек пен төгілген тер зая кетіп жатқан жоқ деген сөз.

Назым Мәлікқызы, Олжасбек мәденов, «Алматы» арнасы Астанадан


Новости партнеров