Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы жарты трлн теңгені қажет етуі мүмкін

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы жарты трлн теңгені қажет етуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы жарты триллион теңгені қажет етуі мүмкін. Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында көрсетілген ақпаратта осылай делінген. Бұл құжатты қазақстандықтар 12 ақпанға дейін талқылай алады.  Қаулы жобасында құрылыс жұмыстары 2018 жыл мен 2021 жыл аралығында жүргізіледі деп көрсетілген. Пайдалануға берілгеннен кейін, БАКАД арқылы жүретін жеңіл көліктер орта есеппен 240 теңге, жүк көліктері 330 теңге көлемінде төлеуі тиіс. Ал қызмет бабымен және жолаушылар таситын автобустар бұл төлемнен босатылады. 2022 жылдан бастап, концессионерге инвестициялық шығындар 16 жыл көлемінде өтеледі. Министрліктің сараптауынша, 16 жылда 231 миллиард теңге жинау жоспарланып отыр. Ауқымды жоба пайдалануға берілсе, Алматыдағы көлік нөпірі тәулігіне 40-60 пайызға азаяды.

Новости партнеров