Ұлттық банк ақша айырбастау пунктеріне енгізілетін талаптарды түсіндірді

Ұлттық банк ақша айырбастау пунктеріне енгізілетін талаптарды түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қордың шетелдік банктерде бұғатталған активтерін ақтау жұмыстары әлі де жалғасады. Әзірге тек аралық нәтижеге қол жеткіздік. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осындай түсініктеме берді. Еске салайық, New York Mellon қаржы ұйымында сақталған Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард долларын бұғаттан босату туралы алдын ала шешімді екі күн бұрын  Нидерланды соты шығарды. Айта кетейік, бұл қаржы молдовалық кәсіпкердің Қазақстан Үкіметіне қарсы шағымынан кейін өткен жылы жылжымай қалған болатын.

Қазақстандық тарап бұғауға түскен қаржының толықтай қайта кіріске түсеріне сенімді. Тіпті, кастодиан банкті, яғни сеніп тапсырылған қаржыны сақтайтын шетелдік қаржы ұйымын қайта таңдауы мүмкін. «Егер кастодиан  банк сенімнен шықпаса, басқа шаралар қолдануымыз мүмкін» - деді Данияр Ақышев. Айта кетейік, бизнесмен Анатолий Стати мен Қазақстан Үкіметі арасындағы сот дауы кесірінен жалпы, елімізге тиесілі 27 миллиард 900 миллион доллар шетелдік банкте бұғатталды. Нидерландтағы New York Mellon банкіндегі - ұлттық қордың 22 млрд 600 млн долларынан бөлек, «Самұрұқ Қазына» қорына қарасты Kmg Kashagan Bv компаниясының 5 млрд 2 млн доллары, бұған қоса швед қаржы ұйымдарында Қазақстан Үкіметіне тиесілі - 100 млн доллар тағы бұғаттаулы.

Ұлттық банк ақша айырбастау пунктеріне ертеңнен бастап енгізілетін талаптарды түсіндірді. Бастысы азаматтарға қызмет көрсетудің қауіпсіздігі жоғары болуы керектігін алға тартты. Сонымен қатар, олар қылмыстық жолмен келген қаржы туралы ақпаратты да жариялауға міндеттелетіндігін ескертті. Енді  Алматы мен Астана қаласында  орналасқан әр пункттің жарғылық капиталы кем дегенде 30 миллион теңге, облыс орталықтарында 20 миллион, ал өзге аймақтарда 10 миллион теңге болуы тиіс. Ал валютамен ипотекаға үй алғандардың мәселесін шешуді елбасының өзі тапсырғанын ескерген ұлттық банк, борышкерлерге қойылатын талаптың бәрі-бір болатындығын ашық айтты.

«Ол сұрақты шешуге ұлттық банк кірісті. Қазір есептеліп жатыр.  Қазір қанша қаржы керек, қанша борышкерлер бар? Басты мәселе-ипотекалық борышкерлердің барлығына көмек көрсету мүмкін емес. Ең бастысы егер сіздің жылжымайтын мүлігіңіз кепілде тұрса, ондай борышкерлердің жағдайы қаралады. Егер де сіз иптекалық кредит алып, кепілдікке ештеңеңіз жоқ болса, ондай борышкерлердің жағдайын біз жеке қараймыз», - деді  ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай АХМЕТОВ.


Новости партнеров