|
26.01.2018 | 17:58
1670

Ерлан Біләл пара ретінде алған қаржыны қарыздарын төлеуге жаратқанын айтты

Ерлан Біләл пара ретінде алған қаржыны қарыздарын төлеуге жаратқанын айтты

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры - Ерлан Біләлға қатысты сот отырысы басталды. Оған Қылмыстық Кодекстің 24- бабының 3- бөлігі, 366- бабының 2- бөлігі яғни, «пара алуға оқталу» бабы бойынша айып тағылып отыр. Күдікті сот алдында жауап берді. Ерлан Біләлдің адвокаты соттың бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтуін сұрады. Судья бұл өтінішті қанағаттандырып, аудио, видео жазбаның жасалуына тыйым салды. Сот залында сөз алған Ерлан Біләл оқиғаның қалай болғанын егжей-тегжейлі айтып берді. Оның сөзінше, «Сезам» қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының директоры Қайрат Баянов оған өзі жүгінген. Қаржылай сыйақы беретінен де айтқан. Тіпті оның көлемін де қор басшысы өзі белгілепті. 2 қаңтар күні 600 мың теңге берген. Ерлан Біләл бұл қаржыны қарыздарын төлеуге жаратқанын айтты. Ал 4 қаңтар күні 900 мың теңге тапсырған. Ұлттық бюро қызметкерлері дәл осы күні ұстаған. Куәгер ретінде Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының белгілі актерлары Асанәлі Әшімов пен Болат Әбділманов сөйледі. Олар күдіктіге мінездеме беріп, жазаның мейлінше жеңілдетілуін сұрады. Еске сала кетейік, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Ерлан Біләлдің пара алу үстінде ұсталғаны туралы ақпартты 5 қаңтарда таратты. Күдікті кінәсін толық мойындап, 1 миллион 205 мың теңге көлемінде кепіл сома құйған соң қамауға алынғанбаған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир