Универсиада кезінде бұқаралық ақпарат құралдарына жағдай жасалған

Универсиада кезінде бұқаралық ақпарат құралдарына жағдай жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Универсиада кезінде сайыстар өтетін әр спорттық нысанда бұқаралық ақпарат құралдарына барлық жағдай жасалады. Дүбірлі доданы ұйымдастырушылар пресс орталықты таныстырды. Ойындар уақытысында дәл осы жерден сайыстарды тікелей эфирде тамашалап, тегін уай-фай қызметін пайдалануға мүмкіндік бар. Бас баспасөз орталығында қазір 50 жұмыс орны, 30 ноутбук жұмыс істеп тұр. Әр нысанға бару үшін журналистерге арнайы көлікте қарастырылыпты. 

«Барлық баспасөз орталықтары сайыстың басталуына 2 сағат уақыт қалғанда ашылады. Спорттық жарыстарды сіздер көрсетілім кестесіне сәйкес тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Спорттық нысандарда журналистермен тікелей жұмыс жасайтын үйлестірушілер болдаы. Бұдан бөлек, сайыстың нәтижелері туралы ақпараттар да жаңартылып отырады»,- деді Қазақстан пресс-клубының президенті, Әсел ҚАРАУЫЛОВА.

Айта кетейік, Универсиада әлемнің 80 елінде тікелей эфирде көрсетіледі. Сөйтіп, Алматыдағы доданы әлемнің 1 млрдтан астам халқы тамашалайтын болады. 

Новости партнеров