|
06.08.2018 | 12:56
1467

Үш баланы көміп кеткен қаскөй көршілерінен кек алмақ болғанын айтты

Үш баланы көміп кеткен қаскөй көршілерінен кек алмақ болғанын айтты

Өзбекстанда үш баланы өлтіріп, көміп тастаған Зохид Отабоев көршілерінен үйленбейсің бе деп қалжыңдағаны үшін «кек алған». Қылмыскер сегіз жыл бойы жазаланбай жүрген, деп хабарлайды Sputniknews ақпараттық порталы өзбекстандық  «Газета.uz» сайтына сілтеме жасап.

Ташкент облысында ауыл тұрғыны Зохид Отабоев сегіз жыл ішінде 2003, 2005 және 2014 жылдары туған үш баланы өлтіріп, көміп тастаған.

Ол қанды қылмысқа көршілерінен кек алу мақсатында барғанын айтқан. 2010 жылы 23 жастағы Отабоев ауылдастарымен бірге жергілікті тоқыма фабрикасында жұмыс істеген. Бір күні көршілері  Аббос Отамурзаев, Шодиер Алибоев пен Зуфар Азимбоев одан қашан үйленетінін сұрап, қалжыңдайды. Отабоев мұны келеке ретінде және азаматтық арымды аяққа таптады деп қабылдап, кек алу жоспарын құрады.

Алғашқы құрбан Аббос Отамурзаевтың 7 жасар ұлы болған. 2010 жылдың маусымында сотталушы үйдің ауласында серуендеп жүрген баланы алдап әкетіп, басынан бірнеше рет ауыр соққы жасаған, буындырып өлтіріп, шұңқырға тастап кетеді, кейін келіп көміп тастаған. Бірнеше айға созылған іздеу жұмыстары қылмысты ашуға көмектескен жоқ. Іздеуге атсалысқан  Зохидтан ешкім күдіктенбейді.  

2014 жылдың тамызында Отабоев Шодиер Алибоевтың 9 жасар мылқау ұлын өлтіреді. Бала сол күні велосипед теуіп жүрген.  Зохид баланы алдап үйіне шақырып, оны да сол әдіспен өлтіріп, басқа шұңқырға көміп кеткен, ал велосипедті өзенге лақтырып жібереді. Бір аптадан кейін ата-аансы велосипедті тауып алған, алайда бұл тергеуді ілгерілетуге көмектескен жоқ.  

Үш жылдан кейін Зохид Отабоев Наргиза деген қызға үйленеді, алайда қылмыс жасауды одан әрі жалғастырады.

Сол жылдың қарашасында Отабоевтың үй іргесіндегі жеріне Зуфар Азимбоевтың 3 жасар ұлы кездейсоқ кіріп кетеді. Зохид баланың басынан кетпенмен ұрған. Баланың анасы ұлын іздей бастайды, алайда Отабоев әлі тыныс алып жатқан баланы қоймаға апарып, ұрып-соғып, арқанмен қылқындырып өлтірген.  

Зохид қарсы алдынан шыққан баланың анасына ұйықтап қалғанын, ешкімді көрмегенін айтады, содан кейін үйіне барып, баланың мәйітін шұңқырға көмеді.  

Қылмыскерді үш күннен кейін Бас прокуратураның Аса ауыр қылмыстарды тергеу басқармасының қызметкерлері ұстаған. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

кек
Новости партнеров
Прямой эфир